Бүгінгі — студент, ертеңгі – мұғалім.


Сабақ кезінде оқушы жүрегіне жол тауып, қуаныштан бала жүрегінің жиі соғуын мәжбүрлеп,өз жүздерінен бақыт оты жалындайды. Бұл сипаттама жолдары қазіргі Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласының № 24 мектеп-гимназиясы ММ байқау практикасын 02.10.17-28.10.17 аралығында өткен Қостанай педагогикалық колледжінің 4 –курс студенттеріне арналады.
Оқыту процессіндегі оқушылардың танымдық әрекеттерінің мұндай нәтижесі,оларда қуаныш, қанағаттанушылық, білімге құштарлық сезімдерін тудырады. Мұндай жағымды эмоциясыз сабақтағы пайдалы әрекеттер деңгейі төмен болады.Жағымды эмоцияны тудырушы мұғалім болып табылады.Себебі әр сабақта мұғалімнің өзінің қызығушылығы мол болып, өзінің де өзгені де таңдандыруға дайын болуы керек. Оқушы –жалын, оны жаға білу шарт. Мұғалім еңбегінің заңдылығының шегі: жалынды жағу үшін, өзі жану керек. Міне жоғарыда аталған жалын отын өз тәрбиеленушілерімізден көруге тырысамыз.Әрбір сәтті берілген сабақ әдіскер ретінде бір жеңіс шынына жетумен тең. Санаулы уақыттан кейін бұл студенттер қолдарына жолдама алып, қиыны мен қызығушылығы қатар жүретін жаңа өмірге аттанатын болады. Колледж қабырғасында заман талабына сай білім алып, бүгінгі күннің лайықты тұлғасы болып шығады.
Соның дәлелі ретінде, білім саласында болып жатқан көптеген өзгерістерді жіті қадағалап, ағым талаптарымен бірге алға қадам басамыз. Жаңартылған білім беру аясында сөз қозғағанда, қазіргі мектептерге білімді,мәдениетті,балаларды жан тәнімен сүйетін,олардың дамуы мен тәрбиесіне қамқор болатын, шығармашыл , қиын жағдайлардан шыға білетін мұғалім керектігіне көзіміз жетеді. Мұндай мұғалімдер қатарына ену үшін, үнемі еңбектеніп, өз білімін жетілдіріп және заман талабына сай болу қажет екендігін үнемі студенттерімізге жеткізуге тырысамыз.
Кезекті практика кезінде де мектеп директорының оқу ісінің меңгерушісі Бикеева Б.М.бөлмесінде ұйымдастырылған шағын отырыс осыған куә. Мектеп тәртіптері мен талаптарын ескерте отыра, теориялық білімдерін практикада шыңдай түсетіндігі айтылып өтілді. Студенттер де өз тараптарынан қойылған талаптарды бұлжытпай орындап шықты.
Практиканы қадағалап, әдістемелік көмек көрсете отыра педагогикалық еңбек бастамаларына сәттілік тилеймін.

«Педагогика және психология» кафедрасының оқытушысы:Абдулина Г.З.

Добавить комментарий

Войти: 

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *