«Әдебиет пен өнер егіз…» атты кездесу кеші

Қостанай педагогикалық колледжінде студенттердің «Шаңырақ» атты драма үйірмесі жұмыс істейді. Оқу орнының өнерге қызығушылығы басым жастар тобы таяуда І.Омаров атындағы қазақ драма театрының бір топ жас әртістерімен шығармашылық кеш-кездесу өткізді. Көрермендерге жас таланттар: Кенжахметов Нұрлыбек Жеңісбекұлы, Кенжетай Асылан Бақытбекұлы, Алгожин Төленді Олжабайұлы, Қойшығұлов Қуаныш Маратұлыментаныстырғаннан кейін, кездесу кешіне келгендерге студенттер актерлерге жаудырып сұрақтар қоя бастады.

DSC_0475DSC_0460DSC_0464

Көркем өнерді құметтейтіндер ортасына түскен төрт өнер ордасы өкілдерінің екеуі осы оқу орынында білім-тәрбие алған түлектер. Ұшқан ұяңа қайта соғып, кезінде тәлім-тәрбие алған, небір шарапаты тиген ұстаз-жетекшілеріңді көрген деген, олардың жақсы-жақсы істері мен қамқорлық-жанашырлықтарын еске алып, тізбелей айтқан деген қандай жарасымды! Колледж ұстаздары: Қамар Закариянқызы, Алмагүл Альмуханқызы, Қымбат Сагандыққызы кешегі шәкірттерінің өздерінің тура аты-жөндерін атап, ризашылықпен еске алған сол сәттерінде бақыт нұрына бөленіп отырды. «Тұлпар болар жылқы – тай күнінде-ақ» байқалатындай, Асылан мен Төленді колледжде оқып жүргенде қоғамдық жұмыстардың ешқайсынан да шет қалмаған екен. Міне, соның пайдасы театр сахнасында қойылған классикалық драмалар мен қазіргі заман тақырыбына арналған қойылымдарда төрт жігітттің төртеуі де айтулы бейнелерді жасап үлгеріпті. Қойылған сұрақтарға сай Нұрлыбек Кенжеахметов өзінің үздік жасаған бейнем деп: ұлы ағартушымыз Ыбырай Алтынсариннің жастық шағындағы ұстаздық бейнесін, Асылан Абай драмасындағы Қиясбайдың образын, Төленді «Кім кінәлі» спектакіліндегі бейнелерін атап жатты. Шынында, ол образдарды көңілдегідей сомдағандарын сол қойылымдарды театрда көрген студент-жастардың әңгімелей айтқандарынан білдік.

DSC_0437DSC_0445DSC_0509

Олар театр өнерінде өздеріне атақты жерлестеріміз: Серке Қожамқұловты, Елубай Өмірзақовты, Қапан Бадыровты, күнде көріп, сахнада бірге жүрген тірі-ұстаз ағалары: арқа жалдары тұтас өнер сығайлары: Бегайдар мен Қабділмәжитті қатты үлгі тұтатындықтарын айтулары – өте керемет болды. Арнайы берілген тосын, шығармашылық тапсырмалар бойынша төрт әртіс жеке-жеке сахналық көріністер жасады. Асылан өзінің сүйген қызымен қоштасу сәтін, Қуаныш сабаққа кешігіп келген оқытушының, Төленді жас мұғалімнің сабаққа дайындықсыз келген сәтін, Нұрлыбек аш қасқырдың қорқаулығын, айна-қатесіз жасап, ұқсаттты. Төртеуі қосылып, үстіміздегі жылдың мерекелік тақырыптарына арналған үш-төрт патриоттық және қазіргі заман жастарының музыка әуенінен әндер шырқады. Орындау шеберліктері арқылы өнер орынында жүруге лайықты екендіктерін байқатты. Әсерлі кеш соңында көптеген студенттер оқытушы, тәрбиеші мамандықтарын театр өнерімен де ұштастыруға болатындығын түсінді. Риза болған үйірме мүшелері кездесуге келген өнерпаздарға педагог-жазушы С. Көбеевтің «Қалың мал» романынан сахналық қойылымдар көрсетті. Кездесу соңында қонақтарына оларды үнемі театр сахнасының төрінен көруге тілек білдіріп, бұдан былай да өнер қара шаңырағының спкетакльдеріне баруларын ұйымшылдықпен, одан әрі де жалғастыратындықтарына сендірді.

Ибраева Ләйлім Берікқызы

Сырттай оқыту бөлімінің меңгерушісі,үйіріме жетекшісі