Директордың жолдауы

Құрметті достар, әріптестер, студенттер, түлектер!

Қостанай педагогикалық колледжінің сайтына қош келдіңіздер!

Колледжді педагогикалық кадрлардың ұстаханасы деп атайды, ол классикалық педагогикалық білім берудің үздік дәстүрлерін, ұрпақтар сабақтастығын, өзара түсіністіктің ерекше атмосферасын сақтай отырып, жас мамандарға қойылатын заманауи талаптар есебімен мұғалімдерді, тәрбиешілерді, дизайнерлерді, хореографтарды, музыканттарды тиімді даярлау тәжірибесін іске асырады.

Талапкерлерге өздерінің болашақ мамандығын таңдағанда дұрыс таңдау жасауларына тілек білдіргім келеді. Біз сіздерге сапалы заманауи білім беруге қуаныштымыз және сіздердің жүректеріңізде педагогикалық мамандықтың маңыздылығы мен әлеуметтік мәнділігі туралы еш күмән қалмауы үшін бар жағдайды жасаймыз.

Педагогикалық колледждің студенттері мен түлектеріне шын жүректен оқуды табысты аяқтауларын, жұмысқа орналасуларын және тұрақты мансаптық өсу тілеймін. Себебі дәл олардың кәсіби табыстары Қостанай педагогикалық колледжінің имиджін нығайтуға және педагогикалық мамандықтың беделінің жоғарлауына ықпал етеді.

Құрметпен, колледж директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты,  Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері, «Ы.Алтынсарин» төс белгісінің иегері.

 Уразамбетова Галия Ульмесхановна.

Добавить комментарий

Войти: 

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *