КПК студенттері «Алау-ТВ» арнасында

«Алау-ТВ» арнасындағы «Өмір ағымы» бағдарламасына шақырту

13 қыркүйекте Қостанай педагогикалық колледж студенттері У-23 тобының студенті – Султаншина Валерия және М-11 тобынан Таах Алексей оқытушылары Жантыкбаева Жадырамен бірге «Алау-ТВ» арнасындағы «Өмір ағымы» бағдарламасына шақырту алып, тікелей эфирге шыққан болатын.
Өзге студенттерден дараланып шақырту алу себебі, студенттердің өзге ұлт өкілдері болса да, қазақ тілін жетік білуі болды. Эфирде студенттерге түрлі тақырыпта сұрақтар қойылды. Валерия да, Алексей де сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, эфирде өздерінің студенттік өмірлерінің қызықты шақтарымен бөлісті. Барша көрермендерге өнерлерін көрсетіп, алда келе жатқан «Тілдер күні» мерекесімен құттықтады.


Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің оқытушысы Жантыкбаева Жадыра

Добавить комментарий

Войти: 

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *