

Қостанай педагогикалық колледжінде ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушылары Ы.Алтынсариннің, А.Құнанбаевтың, Ш.Уәлихановтың педагогикалық
мұраларына арналған психология-педагогикалық олимпиадасы өтті. Негізгі мақсаты- педагогикалық, психологиялық білім аясында талантты жастарды анықтау және зерттеу, оқытушылық, әкімшілік және инновациялық істер үшін кадрлық әлеуетін қалыптастыру.
Олимпиада топтық сайыс түрінде өтті.Сайыс кезеңдері төмендегідей болды: «визит карточкасы», «психологиялық және педагогикалық жағдаяттар», «педагогикалық жаттығулар», «педагогикалық шешендік». Олимпиадаға мектепке дейінгі тәрбие, №1 және № 2 мектеп бөлімінің студенттері қатысты.Олимпиада қатысушыларының жұмыстарын бағалаған әділқазылар құрамында педагогика және психология, мектепке дейінгі тәрбие, филология кафедраларының білікті мамандары және М.Хәкімжанова атындағы № 20 орта мектебінен әлеуметтік әріптес Сарсенбаева Г.А. болды.
Қатысушы студенттерге сертификат берілді. Жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздар мақтау қағазымен марапатталды. «Мұрагер» тобы 1-орынды жеңіп алып, ауыспалы кубок иелері атанды.
Олимпиадаға қатысқан студенттер психологиялық және педагогикалық жағдаяттардың шешімін тауып, берілген тапсырмалардың дұрыс нұсқасын көрсетті.Бұл іс-шара қатысушылардың коммуникативтік мәдениетін және жалпы педагогикалық мамандықтың дайындығының жақсы деңгейде екендігін көрсетті.
Баекенова С.А. – ҒӘЖ әдіскері
Абдулина Г.З. –«Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі