

Топтың тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 25 қыркүйек күні М-11 тобының білім алушылары топ жетекшісі А.А. Брахметовамен колледж мұражайына саяхатқа барды. Мақсаты: Студенттерге 54 жыл тарихы бар білім ордасы туралы мағлұмат беру; жас өспірімдердің ой-өрістерін, танымдық қабілеттерін арттыру, колледж тарихымен, оның қабырғасын қалаған танымал педагогтарымен танысып, қызығушылығын қолдау және дамыту; оқушылардың бойында оқу мекемесіне және ұстазға деген құрмет сезімді және өзінің оқып жатқан мамандықтарына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Колледж тарихымен студенттерді Қостанай педагогикалық колледжінің жаратылыстану кафедрасының оқытушысы, колледж ардагері – Регуш Г.Д. таныстырды. Мұражайдан шыққан студенттер колледж туралы білімдері толып, рухани байып, ой өрістері кеңейіп қалды.



М-11 тобының жетекшісі Брахметова А.А.