


Қазіргі таңда елімізде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Елбасы мақаласы жан жақты талқылануда. Қостанай педагогикалық колледжінің М-11 және М-41 топтары да бірігіп осы тақырып төңірегінде ой- пікірлерін ортаға салып 15.09. 2017 ж. пресс – конференция өткізді. Өз баяндамаларында студенттер мақаланың бес бағытына тоқталып, рухани жаңғыру жайында сөз қозғады. Мақаламен танысқандарын көрсетіп, пікір таласып, әрбір ойдың астарында терең мағна, парасатты пікір жатқанына көз жеткіздірді. Әр адам заманмен қатарлас жүріп отыру керектігін айтып, білімді, даналы, жақсы маман болуы тиіс екені жайында М- 41 тобының студенттері өз көзқарастарымен бөлісті.
Жарыс сөзге шыққан М-11 тобының студенттері де Президенттің сөздеріне тоқталып, онжылдықтың ұраны прагматизм деп болжап отырғаны жайлы сөйледі. Бұл уақытты үнемді пайдалану, болашақты жоспарлай білуге бейімделіп, ұстамдылық, қарапайымдылық сияқты қасиеттерді қайта түлету. Ол рухани жаңғыру үшін ауадай қажет екендігі туралы айтып, мақаласында президент ұлттық сананы жаңартып рухани жаңғырудың қыр сырын тізбектеп көрсеткені жайлы сөз қозғады. Тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқа үзілмеген ұлттық салт – дәстүрін, алдағы өркендеудің беріктігін індете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын айқындап бергенін айтып студенттер қортынды сөзді топ кураторларына берді.
Топ жетекшілері конференцияны қортындылап, білім алушыларға болашақта жақсы маман болуын тіледі, ал жақсы маман жақсы адам тәрбиелеуі елге игі.



М-11 тобының кураторы Брахметова А.А