Тарихи-мәдени ескерткіштер


Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының мақаласы аясында жүзеге асырылған іс-шараның бірі, қаламыздағы ескерткіш суреті Шақшақ Жәнібек батырдың ескерткішіне саяхат ұйымдастыруымыз болды. Мұның мақсаты – «Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес таным мен рухты ұрпақтар санасына құя білу.
Қостанай педагогикалық колледжінің оқытушылары Брахметова А.А. мен Демесинова Ж.Б. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай М-11 тобының студенттерін тарихта қалған қасиетті тұлға Шақшақ Жәнібектің Қостанай қаласындағы Карбышев көшесінде орналасқан ескерткішіне апарып, студенттердің көкірегін ерекше бір нұрмен сәулелендіріп, оқушылардың танымын кеңейтіп, ұлағатты тәлімберді деуге болады.


Тарихи ескерткіштерді білу арқылы білім алушыларда тарихи танымы, олардың адамгершілік, имандылық, отансүйгіштік қасиеттері қалыптасады. Өзінің туған жерінің тарихи ескерткіштерін білу, олардың тұрғызылу себебін және сомдаған адамдарды білу, оқушыларға өз халқымен, өз Отанымен мақтануға, өз елінің патриоты болуға көмектеседі.Студенттер ескерткішке саяхат жасап, өздеріне көп мағлұмат алды. Жәнібек батырдың өмірі туралы, жасаған ерлігі, істеген істері кеңінен ашылып айтылды.Шақшақ Жәнібек ескерткішінің биіктігі — 13,41м.Ескерткіш қоладан құйылып, тұғыры қызыл граниттен қаланған. Тұғырдың алдыңғы бетіне «Шақшақ Жәнібек Қошқарұлы» деп жазылған. Мүсінші — Қадырхан Кәкімов. Сәулетшілер Тоқтар Ералиев, Айдар Тәтіғұлов, Антон Федянин туралы мәлімет берілді. Осының барлығы студенттердің тарихи танымын қалыптастырып, оларға ұлттық тәрбие беруде маңызды орын алады.
Ал айтылған нәрсенің, өтілген іс — шараның баланың санасынан өшірілмей, көкейінде күмбірлетіп тұруы үшін не істеу керек?
«Тәрбие құралы — сөз»деп, ақиық ақын Олжас Сулейменов айтқандай, асыл қазынамыздың қасиетін ұрпағымызға ұғындырсақ, еліміздің ертеңі, қонар тұғыры биік болатыны айқын. Білім алушылармен тәрбие жұмысын жүргізуде осынау тағылымы мол іс-шараның да берері мол — деп ойлаймыз.
14.12.2017 жыл.
Қостанай педагогикалық колледжінің биология пәнінің оқытушысы Брахметова А.А.

Добавить комментарий

Войти: 

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *