Тілге құрмет – елге құрмет

          Қостанай педагогикалық колледжінде 22 қыркүйек – Тілдер күні қарсаңында мәнерлеп оқу үйірмесі жанынан ұйымдастырылған «Тілге құрмет – елге құрмет» атты тақырыптық үзіліс өтті. Бұл тақырыптық үзілісте студенттер тілі қайнар судың тұнбасындай мөлдір, сазды дыбыстарға бай, ұлттың тілі, әні, үні болып шалқар дариядай шалқыған 8  ұлттың,  атап айтқанда, қазақ, орыс, ағылшын, неміс, татар, украин, испан, грузин  тілдеріндегі  өлеңдерді, Исмағұлов Елдар мен Давлетченова Бақыт татар халқының «Туған як» әнін нақышыны келтіре орындады. Мерекенің соңы қазақ халқының әнұранына айналған «Атамекен» әнін орындаумен аяқталды. Біз бұл мерекеде Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің Қазақстанға деген ыстық ықыласы мен сүйіспеншілігінің, қазақ ұлты мен тіліне деген құрметінің куәсі болдық.

dsc_0134 dsc_0129 dsc_0133

        Қазақстан бүгінгі таңда 130-дан астам халықтың мекені болып отыр. Олардың барлығы бір шаңырақтың астында тату — тәтті өмір сүруі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегенді саясатының арқасы екені даусыз. Қазақстанда тұратын барлық ұлттар еліміздің ашық аспаны мен көк туының астында бейбіт өмір кешіп жатыр. Біздің жүрегіміз бейбітшілікті қалайды. Бәріміз бейбітшілік туын жоғары көтеріп, болашаққа нық қадам басайық!

 

Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы

Жармұхамбетова Алтынгүл Алдабергенқызы.