

«Алаш туы астында» тақырыбы аясында әңгіме жүргізілді.

Қостанай педагогикалық колледжінің М-11 тобының 1-ші курс студенттері куратор Брахметова А.А. бірге «Южный» ҚБ кітапханасына Алаш қозғалысының 100 жылдығы мен Алаш орда үкіметін құруға атсалысқан қазақ зиялыларының бірі Ахмет Байтұрсыновтің 145 жылдық мерейтойына арналған іс-шараның куәгері болды.
Ел басының Рухани жолдауында айтып өткендей, А.Байтұрсынұлы сияқты дара тұлғаларымызды ардақтап, олардың басып өткен әрбір ізін, қадамын келешек ұрпаққа насихаттау, болашақ ұрпақтың елге, жерге деген сүйіспеншілігін, отаншылдық сезімдерін оятып, ұлттық мақтанышын тудырады.
Студенттер Алаш орда үкіметін құру туралы, алаштықтар жайында мәліметпен танысты. «Алаш туы астында», «Алаш ұраны» бейнефильмдерін көріп, өз білімдерін толықтырды. Кеш барысында Қостанай қаласындағы № 20 мектебінiң «Жыл оқушысы-2017» атағын иеленген 9 «А» сынып оқушысы Пиличева Анель М. Дулатовтың «Оян, қазақ!», кітапханашы А.Байтұрсынұлының «Оқуға шақыру» өлеңдерін оқыды. Студенттер кітапханашы шолу жасаған «Алаш туы астында» кітап көрмесін тамашалады. Кеш соңында топ студенттері кітапхана ұжымына өз алғыстарын білдіріп, суретке түсіп, кітапхана оқырмандары болып тіркелді.

