Ұлттық комиссия төрағасының әйелдер және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі орынбасары Елена Ивановна Тарасенко студенттер мен оқытушыларға арнап «Әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» тақырыбына шеберлік сағатын өткізді.
Кездесу барысында Е.И. Тарасенко өзінің табысқа жету формуласымен бөлісіп, тәлімгерлері, қызығушылықтары, жақсы адамдармен кездесулері, қатысқан экспедициялары туралы айтып берді. Оның белсенді өмірлік ұстанымы түрлі буын өкілдерін тәнті етті. «Көптеген адамдарды ұжымда немесе қоғамда қалайша көшбасшы атануға болатыны қызықтырады, шын мәнісінде, бөліп қажеті жоқ- жұмыста белсенді жан жеке өмірінде де, әлеуметтік ортада да көшбасшы бола алады. Сондықтан өмірдің, қоғамның кез келген саласында өзіңді көрсете алатын көшбасшылық қасиеттерді дамытқан жөн»,-деп атап өтті Елена Ивановна.
Шеберлік сағат шеңберінде Өсу мектебінің директоры, кәсіби жаттықтырушы Құмықова Қарлыға Ахметқызы «Қалайша табысты болуға болады?» тақырыбына тренинг өткізді. Студенттер мен оқытушыларға мансаптық өсуді және өмірлік бағдарларды дамыту туралы ұсынымдар беріліді.
Қ.А.Құмықова көшбасшының кейбір жағдайларда тез шешім қабылдауға тиістігін, ал кейде ой таразысынан өткізіп барып, дұрыс жолды нұсқай алатынын айтты. Көшбасшыдан шешімнің өзге жолдарынан тысқары, тосын амалды күтеді. Егер көшбасшы болғыңыз келсе, жауап мынау: креативті ойлауды дамытыңыз, өзгелердің сөзіне құлақ түріңіз. Көшбасшының осындай адамдарды байқай білуі, оларды ынталандырып, салмақты идеяларын дамытуы, сөзсіз, табысқа әкеледі.
Кездесуге қатысушылар Е.И. Тарасенкоға «Урал – река жизни» кітабы үшін алғыс білдірді.Бұл туындысын құрметті мейман мұғалім мамандығына деген құрмет белгісі ретінде студенттер мен педагогтерге тарту етті. Өсу мектебімен ынтымақтастық куратор сағаттары мен тренингтер шеңберінде біздің колледжімізде өз жалғасын табатын болады.
Педаггог-ұйымдастырушы
С. М. Морозенко



























Сәлем! Абитуриент!
"Астана в моем сердце..."
Стихотворение "Астана в моем сердце..."
"Инструктивно-лагерные сборы-2018". 3 отряд
"Инструктивно-лагерные сборы-2018". Отряд 2
LIFE репортаж КВН лига ПРОФСОЮЗОВ 1/4
Кружковая работа в колледже
Костанайский педагогический колледж для абитуриента
Гимн профсоюза студентов Костанайского педагогического колледжа
Последний звонок, долгожданный звонок…
«Солдатам Победного мая», Жакаева Кунсулу и хор КПК - "Верните Память"
«Солдатам Победного мая», ансамбль "Новое поколение"- Тёмная ночь
Конкурс «Колледжвидение-2018»
Видеолекция на тему: "Использование ИКТ в учебном процессе ТиПО в контексте новых подходов в обучении и преподавании"