Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI PEDAGOGIKALYQ KOLLEDJI» KMQK

 

1963 jyly quryldy

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі.
Qabyldaý komıssııasy: 
Qabyldaý bólіmі:

Jazyńyz

Құрметті оқытушылар, қызметкерлер, ата-аналар, студенттер және колледждің әлеуметтік серіктестері! Сіздерді келе жатқан жаңа 2019 жылмен құттықтаймын! Өткен 2018 мерейтой жылы біздің колледжге кәсіби еңбек пен шығармашылық даму жылы ретінде есте қалсын. 2019 жыл барлықтарыңызға табысты жыл болып, біздің үмітімізді ақтап, бақыт пен денсаулыққа, сәттілік пен жетістіктерге толы болсын! Қостанай педагогикалық колледжінің директоры, Қазақстан Республикасының Білім беру үздігі, педагогика ғылымдарының кандидаты Уразамбетова Ғалия Ульмесханқызы.

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2018 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Сәрсенбі, 04 сәуірдің 2018 16:05

Семинар - тренинг «Қыздардың репродуктивті денсаулығы»

Семинар - тренинг «Қыздардың репродуктивті денсаулығы»

2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды дамытудың «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында «Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы» ММ үйлестірушісі Кантореева Р.Д.

ағымдағы жылдың 4 сәуірінде колледждің 1 курс студенттеріне қыздардың дене және психологиялық денсаулығына жауапкершілікпен қарауды тәрбиелеу, респродуктивті денсаулықты сақтау сұрақтары аясында тақырыптық семинар – тренинг өткізді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарының анықтамасына сәйкес, «репродуктивті денсаулық дегеніміз – репродуктивті жүйеге қатысты адамның өзін нашар сезінуі және аурудың болмауы ғана емес, ол денсаулық процесі мен қызметінің физикалық , ақыл – ойдың, әлеуметтік игілік күйі».

Репродуктивті денсаулық жалпы денсаулықтың маңызды бөлігі және адам дамуында орталық рөл атқарады.  Бүгінгі күні жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы – мемлекетіміздің басымдығы болып есептеледі.

«Қыздардың репродуктивті денсаулығы» семинар – тренинг аясында анкеталар, қыздардың денсаулығына әсер ететін факторлар жайлы тұсаукесерлер, контрацепция әдістері, жыныстық қатынас арқылы берілетін ВИЧ/ СПИД ауруларының алдын алу профилактика әңгімелері жүргізілді. Тренинг жұмыстарына белсене қатысқан студенттерге мадақтамалар берілді.

Репродуктивті денсаулықты сақтау семинар – тренингтер мен әңгімелесу жұмыстары кураторлық сабақтарда және мамандармен кездесуде өз жалғасын таппақ.

Медициналық қызметкер Жаманова К.К.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать

     


МЕМЛЕКЕТТІК САЙТ

Біздің видео