Қостанай педагогикалық колледжіне
2018-2019 оқу жылына
ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
I. Жалпы ережелер
1. Осы қабылдау Ережелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 130 Қаулысымен бекітілген кәсіптік және техникалық білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім ұйымында оқуға қабылдаудың Үлгілік ережелері негізінде «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрастырылды.
2. Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының «Қостанай педагогикалық колледжі»КМҚК-ге(бұдан әрі-колледж) негізгі орта(негізгі жалпы), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік білімі (бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.
3. Білім беру ұйымдарына оқуға түсерде, «Кәсіптік және техникалық, ортадан кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсерде қабылдау квотасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 Қаулысымен бекітілген қабылдау квотасы мыналар:
1) І және ІІ топтағы мүгедек азаматтар, бала кезден мүгедектер, мүгедек балалар үшін – 1 процент;
2) жеңілдіктер және кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар үшін- 0,5 процент;
3) ауылдың әлеуметтік- экономикалық дамуын анықтайтын мамандықтарға ауыл жастары үшін – 30 процент;
4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының тұлғалары үшін - 2 процент;
5) жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-ана қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 1 процент қарастырылады.
6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары қатарындағы азаматтар үшін- 10 процент көзделеді.
4. Кәсіптік және техникалық, орта білімнен кейінгі және жоғары білімі барлар үшін оқуға түсу нысанын «Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың Үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 130 Қаулысына сәйкес Колледж белгілейді.
II. Колледжге оқуға қабылдау тәртібі
Құжаттар қабылдауды және оқуға түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыру
5. Колледжде азаматтардан оқуға өтініштер қабылдау, оқуға түсу емтихандарын өткізу және студенттер қатарына қабылдау үшін қабылдау комиссиясы құрылады, ол өз жұмысын 2018 жылғы 20 маусымнан бастайды.
Қабылдау комиссиясы құрамына төраға, жауапты хатшы, техникалық хатшылар, қабылдау комиссиясының мүшелері кіреді.
6. Колледждің қабылдау комиссиясы жұмысын өңірлерге барып, тұлғаларды оқуға қабылдау бойынша ұйымдастыру мәселелері «Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесімен келісіліп шешіледі.
7. Оқуға қабылдағаны туралы ақпаратты колледждің қабылдау комиссиясы күндізгі бөлімге оқуға түсушілерге 30 тамызда, сырттай бөлімге түсушілерге 25 қыркүйекті қосқан аралықта ақпараттық стендтерде немесе оқу орнының веб-сайтында жариялау арқылы жеткізеді.
8. Колледжге оқуға түсуге тұлғалардан өтініштер қабылдау
- орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының білім беретін оқу бағдарламалары бойынша:
күндізгі оқу түріне - 20 маусым мен 20 тамыз аралығында;
сырттай оқу түріне - 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында;
өнер және мәдениет мамандықтарына - 20 маусым мен 20 шілде аралығында жүзеге асырылады.
9. Колледжге оқуға түсетіні туралы өтінішке:
1) еркін түрдегі қабылдау туралы өтініш;
2) білімі туралы құжатының түпнұсқасы;
3) 3×4см өлшемді 4 дана фотокарточка;
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Номативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 086 - У нысанындағы анықтама (І және ІІ топтағы мүгедектер және бала кезден мүгедектер үшін әлеуметтік-медициналық сараптама қорытындысын) флюротүсіріліммен бірге;
5) ұлттық бірыңғай тестілеу немесе кешенді тестілеу(бар болса) сертификаты;
6) жеке басын куәландыратын құжат(тұлғаны сәйкестендіру үшін) қоса тапсырылады.
Оқуға түсуші талапкерді растайтын құжаттарды өзі, ата - анасы немесе заңды өкілдері тапсыра алады.
Шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар олардың мәртебесін айқындайтын тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты:
1) шетел азаматы – шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұратын орнын;
2) азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлға куәлігін;
3) босқын – босқын куәлігін;
4) баспана іздеп жүрген тұлға – баспана іздеп жүргені туралы куәлігін;
5) оралман – оралман куәлігін ұсынады.
Оқуға түсушілердің өтініштері мамандықтар, даярлау негіздері( мемлекеттік білім беру тапсырысы, ақылы(оқу шығынын толық өтеумен), оқу базасы( негізгі орта, жалпы орта білім), оқу түрлері бойынша талапкерлерді тіркеу журналдарында тіркеледі.
Кешенді тестілеу сертификатын (жоғары оқу орындарына түсу үшін ағымдағы жылы кешенді тестілеуге қатысқан бұрынғы жылдардың түлектері) немесе ҰБТ нәтижелері туралы сертификат (ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан ағымдағы жылдың түлектері) ұсынған тұлғалар оқуға түсу емтихандарынан босатылады және осы Ережелердің 16-тармағында көрсетілген талаптарға сай конкурсқа қатысады.
10. Құжаттар тізбесі толық емес немесе сәйкес болмаған жағдайда, Колледждің таңдаған мамандық бойынша құжат қабылдамауға құқығы бар.
11. Оқуға түсу емтихандары орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін және білімі төмендегідей:
1) жалпы орта білімі барлар үшін – үш пәннен (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән);
2) негізгі орта білімі барларға – негізгі орта білім беретін оқу бағдарламалары көлемінде екі пәннен (қазақ тілі немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);
3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, мамандық бейініне сәйкес келмейтін жоғары білімі барлар үшін мамандықтың бейін пәнінен;
4) техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, мамандық бейінімен сәйкесетін жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі.
Колледжге оқуға түсу емтихандары тілек білдірушілердің өтініштеріне сәйкес қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.
0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығы (9 сынып базасы):
0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі, бейіндік пән - математика;
0105033 «Бастауыш білім берудің шетел тілі мұғлімі» біліктілігі, бейіндік пән - шетел тілі;
0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы, бейіндік пән - қазақ әдебиеті (9 сынып базасы);
0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы, бейіндік пән - биология (11 сынып базасы);
0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығы (11 сынып базасында); 0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі, бейіндік пән - математика.
12. Колледжге өнер және мәдениет мамандықтары бойынша оқуға түсушілер колледж бекіткен бағдрламалар бойынша өткізілетін арнайы және шығармашылық емтихандар тапсырады.
0403000 «Әлеуметтік - мәдени қызмет және халық көркем шығармашылығы» мамандығы:
0403013-1 «Педагог-ұйымдастырушы,хореографиялық ұжым жетекшісі» біліктілігі - би композициясы, оқу-жаттығу жұмысы;
0403013-2 «Педагог-мәдени демалысты ұйымдастырушы, халық аспаптары оркестрінің (ансамблінің) жетекшісі» біліктілігі - тыңдау, оқу-жаттығу жұмысы;
0402013-3 «Педагог – ұйымдастырушы, сәндік- қолданбалы өнер ұжымының жетекшісі» біліктілігі - сурет және кескіндеме;
0403013-4 «Педагог-ұйымдастырушы, балалар ұжымының музыка жетекшісі» біліктілігі - тыңдау, оқу-жаттығу жұмыстары;
Шығармашылық емтиханнан «қанағаттанарлық емес» баға алған немесе емтиханға дәлелсіз себеппен келмеген азаматтар келесі емтиханға жіберілмейді.
Білім беру ұйымына оқуға түсу емтихандары азаматтардың өтініштеріне орай орыс немесе қазақ тілінде өткізіледі.
Негізгі орта білімі, жалпы орта білімі бар тұлғалар үшін оқуға түсу емтихандарының түрлерін: пәндер бойынша тестілеуді немесе емтихандарды, 12 -тармақта көрсетілгендей, Колледж белгілейді.
13. Орта буын мамандарды даярлауды көздейтін кәсіптік және техникалық білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсуші тұлғалар үшін қабылдау емтихандары:
күндізгі бөлімге - 27 шілде мен 24 тамыз аралығында;
сырттай бөлімде – 21,22 қыркүйекте;
өнер және мәдениет мамандықтары бойынша арнайы немесе шығармашылық емтихандар – 27-30 шілдеге аралығында өткізіледі.
Оқуға түсу емтихандарын өткізгенде:
1) әр пән бойынша тестілеу түріндегі тапсырмаларының саны - 25; әрбір тест тапсырмасына берілген дұрыс жауап 1 балға бағаланады; үш пәннен тестілеуге 2 сағат 15 минут, ал екі пәнге 1 сағат 30 минут уақыт бөлінеді; сұрақтардың дұрыс жауаптары емтихан аяқталғаннан кейін ілінеді; емтихан нәтижелері емтихан өткізілген күні жарияланады;
2) пәндер емтихандары түріндегі қабылдау емтихандары нәтижелері бойынша алынған «3», «4», «5» деген бағаларды қабылдау комиссиясы келесі өлшеммен балға аударады: «3»- 8 балл, «4» -17 балл, «5» -25 балл.
14. Бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын(сұрақтарды)бағалау және пәндер бойынша емтихандар кезінде туындаған даулы мәселелерді шешу, Колледжге түсушілердің құқықтарын қорғау мақсатында аппеляциялық комиссия құрылады.
Аппеляциялық комиссия құрамына төраға, хатшы, комиссия мүшелері кіреді.
Тестілеу немесе пәндер бойынша емтихан қорытындыларымен келіспеген тұлға аппеляцияға өтініш бере алады.
Аппеляцияға өтініш тестілеу немесе қабылдау емтихандарының нәтижелері жария болған күннің ертеңіне сағат 13-ке дейін аппеляциялық комиссияға беріліп, оны аппеляциялық комиссия өтініш берушінің қатысуымен бір күннің ішінде қарайды.
Аппеляциялық комиссиясының шешімі комиссияның тізімдік құрамының басым дауысымен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда, комиссия төрағасы шешуші дауыс құқығына ие. Комиссияның жұмысы төраға және комиссияның барлық мүшелері қол қойған хаттамалармен ресімделеді.
15. Тесті немесе пән бойынша оқуға түсу емтиханын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
III. Оқушылар құрамына қабылдау
16. Тұлғаларды Колледжге оқуға қабылдау олардың өтініштері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Конкурс ҰБТ сертификаттарының балдары негізінде, пәндер бойынша Колледжде өткізілген кешенді тестілеу түріндегі қабылдау емтихандарынан алған балл нәтижелері бойынша жүргізіледі. Оқуға қабылдау конкурсын өткізу кезінде осы Ережелердің 12-тармағына сәйкес ҰБТ сертификаттарында көрсетілген үш пәннен немесе кешенді тестілеуден алған балл қосындысы ескеріледі.
Оқушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға:
1) негізгі жалпы білімі бар тұлғалар үшін екі пәннен 25 балдан кем;
2) жалпы орта білімі бар тұлғалар үшін үш пәннен 35 балдан кем;
3) мәдениет және өнер мамандықтарына: негізгі орта білімі бар тұлғалар үшін екі пән бойынша 20 балдан кем; жалпы орта білімі бар тұлғалар үшін үш пән бойынша 30-дан кем балл жинағандар жіберілмейді.
Конкурс шарттары азаматтардың білім алу құқықтарының сақталуын, неғұрлым қабілетті де кәсіптік және техникалық білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруге дайын азаматтарды оқуға қабылдауды қамтамасыз етуі тиіс.
Орта буын мамандарды даярлауды көздейтін кәсіптік және техникалық білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқушылар қатарына қабылдау:
1) күндізгі оқу түріне 25 тамызда;
2) сырттай оқу түріне 24 қыркүйекте өткізіледі.
17. Колледжге оқуға қабылдау комиссияның ашық отырысында мамандықтар бойынша жекелей жүргізіледі.






















С ЮБИЛЕЕМ РОДНОЙ КОЛЛЕДЖ СПЕЦИАЛЬНЫЙ РЕПОРТАЖ
Қоғамдық бейнебаян "Мен сені сүйемін..."
Отчет директора по итогам 2017-2018 учебного года
Сәлем! Абитуриент!
"Астана в моем сердце..."
Стихотворение "Астана в моем сердце..."
"Инструктивно-лагерные сборы-2018". 3 отряд
"Инструктивно-лагерные сборы-2018". Отряд 2
LIFE репортаж КВН лига ПРОФСОЮЗОВ 1/4
Кружковая работа в колледже
Костанайский педагогический колледж для абитуриента
Гимн профсоюза студентов Костанайского педагогического колледжа
Последний звонок, долгожданный звонок…
«Солдатам Победного мая», Жакаева Кунсулу и хор КПК - "Верните Память"
«Солдатам Победного мая», ансамбль "Новое поколение"- Тёмная ночь
Конкурс «Колледжвидение-2018»
Видеолекция на тему: "Использование ИКТ в учебном процессе ТиПО в контексте новых подходов в обучении и преподавании"