Қостанай педагогикалық колледжі

1963 жылы құрылды

Қостанай қ., быковский 9 к-сі.

Қабылдау бөлімі:

Жазыңыз

КТК оқытушылары мен студенттерін құттықтаймыз

Жаңалықтар мұрағаты

« May 2018 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Жексенбі, 22 сәуірдің 2018 15:03

Облыстық «Тіл – парасат» сайысы

Облыстық «Тіл – парасат» сайысы

Сәуірдің 19 жұлдызында Достық үйінде Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Тіл – парасат» атты облыстық байқау өтті.

Байқау 17-22 жас аралығындағы қазақ тілін жетік меңгерген өңіріміздің өзге ұлт өкілдері арасында болды. 18 қатысушыдан құралған байқау үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар дайындықсыз көрсетілген тақырыпты әңгімелеп берсе, екінші кезеңде де ұйымдастырушылар ұсынған тақырыптарды таңдай отырып эссе жазды. Ал соңғысы «Шабыт жұлдызы» деп аталды.

Колледж намысын қазақ  тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Жантыкбаева Жадыра Тұрғынбайқызы жетекшілік еткен У-23 тобының студенті Султаншина Виктория қорғады. Қатысушылардан оза шапқан студент 2-ші орынды иеменденіп, «Сулпак» тұрмыстық техника дүкенінен 15 000 теңге көлемінде сыйлық сертификатын алды.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


МЕМЛЕКЕТТІК САЙТ