Сабақ тақырыптары: «Балықтарды бақылау», «Көжектерді бақылау», «Тасбақаны бақылау». Студенттерге сабақтарды қарауға, балаларды ұйымдастыру үшін әртүрлі әдістер мен тәсілдерді байқауға мүмкіндік берілді. Үш жас ерекшелік топтарында тірі жәндіктер мен жануарларды байқадық. Ортаңғы топ студенттері үшін сабақты балаларды табиғатпен таныстыру әдістемесі және экология негіздері пәнінің оқытушысы Третьякова О. В. өткізді, бұл бұрыңғыдан да қызықтырақ болды, себебі өзіміздің әдіскерімізді, оқытушымызды балалармен жұмыс барысында көру бізді таңғалдырды.
Алдағы іс-әрекеттің мақсаттары мен міндеттері нақты, сенімді ашылды. Сабақ сараптамасы мазмұнды, қызықты және ұйымшылдықпен өтті.
Кусаинова Г.
2 курс студенті






















