өз өнерлерін Қазақстан халқының бірлігі Күніне арнаған Қостанай облысының шығармашылық ұжымдары болды.
Фестивальда колледждің «Сыңғырлаған қасықтар» қасықшылар ансамблі тұңғыш рет өз өнерлерін көрсетті. Көрермендер ұжымның өнерін өте жақсы қабылдады, сонымен бірге әділқазылар мүшесінің бірі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филормониясының орыс халық аспаптар оркестрінің жетекшісі А.В.Заруба өзінің ыстық лебізін білдірді.
Қасықшылар ансамблі екі ай ғана өз жұмысын істеп келеді, алайда колледж және облыс бойынша әртүрлі іс-шараларға белсенді қатысып жүр. Ұжым жетекшісі - Сагумбаева А.С.. Ансамбль құрамына бірінші және екінші курс студенттері мен жас оқытушы Кожевникова А.И. кіреді.
Аталмыш фестивальға қатысу өшпейтін әсер қалдырды, бүгінде ансамбль өз алдына жаңа мақсаттар қояды!
«Музыка» кафедрасының оқытушылары
Кожевникова А.И., Сагумбаева А.С.






















