Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының

«ҚОСТАНАЙ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» КМҚК

 

1963 жылы құрылды

Қостанай қ., Быковский 9 к-сі.
Қабылдау  комиссиясы: 
Қабылдау бөлімі:

Жазыңыз

Жаңалықтар мұрағаты

« September 2018 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Дүйсенбі, 09 сәуірдің 2018 13:48

Қостанай қаласының «Физико-математикалық лицей» базасындағы көрсеткіш сабақтары

Қостанай қаласының «Физико-математикалық лицей» базасындағы көрсеткіш сабақтары

2018 жылғы 3 сәуірде Қостанай қаласының Физика-математикалық лицейінде шетел тілдері кафедрасының оқытушысы әрі әдіскері Бөкенбаев Әділжан Нұрланұлы өндірістік машықтама өтіп жүрген А-31 тобы үшін үлгілік сабақ өткізді.

Екі үлгілік сабақ та екінші сыныптарда өткізілді. Оларға қатысқан студенттер жаңартылған білім беру мазмұны бойынша тиімді сабақ өткізудегі әдіскердің біліктілігіне куә болды.

Студенттер мен оқушылар шетел тілін оқытудың жаңаша технологияларын, соның ішінде LearningApps және Plickers интерактивті тұғырнамаларын пайдалану мүмкіндіктері, сондай-ақ сыныптағы жұмысты бағалаудың әдістері мен рефлексия түрлері көрсетілді. А-31 тобының студенттері үлгілік сабақтардың талдау мүмкіндігіне ие болды. «Әдіскер-студент» әріптестігі жаңа сипатқа ие болып, студенттердің өздері сабақтың ұтымды және ұтымсыз тұстарын көрсетіп бере алды. Әрине, соңғысы көп бола қойған жоқ, олар сонымен қатар оқытушының балалармен жұмысына баға берді. А-31 тобы үшін де, көптен бері бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс істемеген Әділжан Нұрланұлы үшін де бұл үлкен тәжірибе болды. Қатысушылардың барлығы бұл қызық та тың жағдайда өздері үшін жаңалық ашты.

Зарина Бакенова

А-31 тобының студенті

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать

 


МЕМЛЕКЕТТІК САЙТ

Біздің видео