Қазақстаннның әр аймақтарының өкілдерінен басқа, Ресей, Болгария, Армения және Литва елдерінің жас вокалшылары өздерінің өнерлерін паш етті.
Сахнада әр сайысқа қатысушы өзінің барлық өнерін көсетуге тырысты. Құрамында белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері, танымал музыканттар, продюсерлер, әншілер, сазгерлер, арт-директорлар бар әділқазыларға үздік орындаушыны анықтау оңай болған жоқ.
Қостанай педагогикалық колледжінің студенті Ахмедова Наргиза (МУЗ-11 тобы) жоғарғы жас категориясында 3 дәрежелі Лауреат Дипломының иегері атанды. Әділқазы мүшесі, «Звездный калейдоскоп» (Ресей, Челябі) Халықаралық сайысының директоры - Игорь Пруцких, дарынды қызды атап өтті және 2018 жылдың желтоқсанында өтетін осы сайысқа қатысуға сертификат берді. Ахмедова Наргизаны лауреаттық атағымен құттықтаймыз және жаңа шығармашылық белестер мен жеңістер тілейміз.
Музыка кафедрасының оқытушысы
Лопарева Ю.В.























