Қостанай педагогикалық колледжі

1963 жылы құрылды

Қостанай қ., быковский 9 к-сі.

Қабылдау бөлімі:

Жазыңыз

КТК оқытушылары мен студенттерін құттықтаймыз

Жаңалықтар мұрағаты

« May 2018 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Бейсенбі, 03 мамырдың 2018 15:40

«Алаш Болашағы» дебат клубының ұйымдастыруымен өткен Қостанай педагогикалық колледжі директорының кубогі

«Алаш Болашағы» дебат клубының ұйымдастыруымен өткен Қостанай педагогикалық колледжі директорының кубогі

Қостанай педагогикалық колледжінде 28.04.2018 ж күні Қазақстан Республикасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» идеясын насихаттау аясында ұйымдастырылған

Қостанай педагогикалық колледжі директорының кубогіне арналған «Бірлігі жарасқан ел» атты облыстық пікірсайыс турнирі өтті. Турнирге 16 топ қатысты. Рудный қаласының Рудный педагогикалық колледжінен «Ақ ниет» тобы келсе, Арқалық қаласынан 2 топ өз бақтарын сынады. Атап өтсем «Қағанат», «Назар аудар» топтары.

Жалпы бұл турнирге университеттер мен инситуттар, колледждер, қала мектептері қатысты. Бұл турнирде 6 әділ төрешілер төрелік жасады, олар республикалық турнирлерде жүлде алып жүрген, іс – тәжірибесі мол, мемлекеттік мекемелерде қызмет атқарып жүрген тәжірибелі адамдар.

Сайыс тартысты, әрі әділ болды. Келген қатысушылар өз ризашылықтарын білдірді. Қатысушы барлық топтарға сертификаттар тапсырылып, төрешілерге алғыс хаттар берілді. Турнирдің «Ең үздік спикері» атағын 10 мектеп оқушысы Қасымов Абат иеленді.

Ал, жүлделі орынды жеңіп алған студенттерге келетін болсақ 1 орын «Hi – One» тобы, 2- орын «Ұлы дала баласы мен қазақ қызы» тобы, 3 – орын «Болашақ» тобы иеленген болатын. Колледж директорының кубогін «Hi – One» тобы , 10 мектеп оқушылары жеңіп алды. Осындай турнирлер жиі ұйымдастырылса, болашақ жастарымыз нарықтық заманда өз үлестерін қосатындықтарына сеніміміз мол.

 «Алаш болашағы» клубының

жетекшісі   Бейсенбаева Г.Г.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


МЕМЛЕКЕТТІК САЙТ