«Зарница» әскери-спорттық ойынға қатысу үшін ер балалар мен ер азамматтар күн тәртібін алды, барлық қатысушылардың жиыны колледждің ауласында өтті. Жиында әр командаға тапсырмалар берілді және орнына бағдарланған қарумен ату, әскери есептерді шешу, саптық дайындық және басқа тапсырмаларды орындауға қатысты. Осы күні колледжде куратор сағаттарында әскери жылдардағы әндер шырқалды, онда Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен майдан шебінің жұмысшыларымен Отанға деген ерлік, парыз, ар-намыс және махаббат туралы әңгімелесті.
Әскери-патриоттық тақырып соғыс жылдарында солдаттардың жасаған ерліктерін еске түсіріліп «Жеңісті мамыр солдаттарына арналады...» мерекелік концертінде де шырқалды.
Біздің мұражайда біз Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен майдан шебінің жұмысшыларының, педагогтардың, педагогикалық еңбек ардагерлерінің соғыс оқиғалары туралы суреттері мен естеліктерін сақтаймыз.
9 мамыр – адамзат тарихында ерекше күн, жер бетінде өмір сүрушілердің бәрі үшін естелік күн! Бұл – уақыттан күштірек қуаныш пен салтанат күні, өлмес ерлік пен шынайы естелік күні. Бұл – Ұлы Отан соғысындағы біздің халқымыздың Жеңіс Күні!
Уақыт сырғып тез өтуде, дегенмен де қанша жылдар өтсе де ерлік, соғыс біздің жадымыздан еш уақыт кетпейді. Жас буынның жүрегінде фашистердің зұлымдығынан әлемді құтқарған, адамдарды еркін өмір сүрулеріне құқық берген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен майдан шебінің жұмысшыларының – тірісіне де өлісіне де мәңгілік алғыс қалады. «Зарница» әскери-спорттық ойыны мәресіне жетті…
Біз ерлік, соғыс жылдарындағы әндер, спорттық жарыс, солдаттық ботқа тақырыбына арналған сабақты, ең бастысы біздің үлкен және тату студенттер мен оқытушылардан тұратын отбасымыздың қатысуымен атқарылған ұжымдық-шығармашылық істі көпке дейін есімізде сақтаймыз.
Студенттердің Бастапқы
кәсіподақ ұйымының төрайымы
Мельникова Екатерина























